«Балапан»
балабақшасы
Бізге қонырау шалыңыз +7 702 230-00-00, +7 707 816-22-04 немесе WhatsApp жазыңыз +7 702 230-00-00, +77078162204

    «Балапан» бала бақшасы 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды шақырады.

    Балабақша туралы мәліметтер:

    Сіздердің  балаларыңыз  біздің  балабақшада әрдайым қамқорлықта болады.  Әр балаға  жеке назар аудару және тәжірибелі тәрбиешілердің сенімді қолында . Балабақша тыныш,саябақты  жерде орналасқан, жол бойынан алшақ жерде, таза ауа, жасыл орман бөлігінен тұратын,көгалдандырылған  жер.  Балалардың  денсаулығына өте қолайлы.

    Балабақшадағы топтар:

    • Біздің балбақшасында 2 жастан 6 жас аралығындағы балалар  тәрбиеленеді. Балабақша сыйымдылығы 300, 15 топ жұмыс істейді;
    •  3 жас ортаңғы топтар; "Күншуақ", "Ай-Күн", "Ботақан", "Балапан", "Құлыншақ",
    • 4 жас ересек топтар; "Жұлдыз"," Күнбағыс", " Қызғалдақ", "Балдәурен",
    • МАД топтары  "Ақкөгершін", "Алтын балық", "Қарлығаш", "Құндыз",
    • Кіші топтар; "Ақбөпе, Балдырған".
    • 2022-2023 оқу жылынан бастап орыс топтары ашылды.

    Біздің  міндеттеріміз:

    • Балалармен оқу -тәрбие жұмыстарын жүйелі жүргізу.
    • Әр баламен жеке қарым-қатынаста болу.
    • Баланың өсу және даму процесін қадағалау.
    • Балалардың жеке даму қабілеттеріне назар  аудару және оның потенциалын дамыту.
    • Ең жаңа және прогрессивті оқыту әдістемелерін қолдану.

    Қауіпсіздікті  қамтамасыз ету және бақылау:

    • Барлық жайларда бейне камералар орналасқан.
    • Жылдам  іс-шараларға дыбыс сигналдары бар.
    • Күзетші кадр бар.
    • "Антитеррористік" түйме қолдануға дайын.
    • Ойын алаңдары стандартқа сай.
    • Жолдан қашық орналасқан.
    • Жиһаз  (барлық стандарттарға сәйкес) және ойыншықтар (СанПин талаптарына сәйкес келеді).
    • Балабақшаға кіру ережелері міндетті түрде сақталады.

    Біздің  жұмыс уақытымыз:

    • Дүйсенб і – жұма (5-күндік ) 07:30-ден 18:00-ге дейін;
    • 18:00-ден 19:00-ге дейін кезекші  топ жұмыс істейді.